Өңірлер

Синоптиктер дүйсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер дүйсенбі күні елдің батысы, солтүстігі мен орталығында жауын-шашынды болатынын хабарлады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан— Sputnik. Қазгидромет елдің басым бөлігінде атлантикалық циклонның әсері сезілетінін хабарлады. 

Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, батыста жауын-шашын болады. Солтүстік пен орталықта қар жауады. Тек шығыста ғана жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Батыс пен орталықта бұрқасын. 

Өңірлердегі ауа райы

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында тұман, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысында боран болады. Қызылорда, Павлодар облыстарында да тұман және көктайғақ. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында тұман болады. Қарағанды облысында - боран. 

Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында тұман түседі. Алматы облысында желдің екпіні секундына 18-23 м/с-ке дейін барады. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада 3 ақпан күні ар жауады. Түнде ауа температурасы минус 11, күндіз минус 5 градус.

Алматыда жауын-шашынсыз, күн ашық. Түнде плюс 2 градус, күндіз жеті градус нөлден жоғары.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда ақпан айында ауа райы қандай болады

Шымкент қаласында плюс 2 градус. Күндіз жаңбыр жауады. Сынап бағанасы жеті градус нөлден жоғары.