АЛМАТЫ, 2 ақпан - Sputnik. Теміртауда қара қар жауды. Бұл жағдайдан кейін экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қаладағы кәсіпорындарды тексеретін болады. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.
"Экология департаменті қаладағы кәсіпорындардың мәліметін тексеріп, олардың қоршаған ортаға тигізетін зиянын азайту шараларын қолға алады", - деп жазды Мырзағалиев.
Оның айтуынша, тексеріс қорытындысы халыққа жеткізілетін болады.
Сенбі, 1 ақпан күні жауған қара қардың видеосы Instagram-дағы Temirtau.city паблигінде жарияланған болатын.