Экономика

Қазақстан премьер-министрі ЕАЭО кедергілерін еңсеру жұмысын күшейтуді ұсынды

Асқар Мамин жыл сайын ЕАЭО-да өзара экономикалық үрдістерді артқа тартатын жаңа кедергілер саны артып жатқанын мәлімдеді
Sputnik

АЛМАТЫ, 31 қаңтар - Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин ЕАЭО аясында тауар, қызмет, жұмыс күші мен капитал қозғалысының қазіргі кедергілерін еңсеру бойынша Еуразиялық экономикалық одақ елдері жұмысының тиімділігін арттыру қажеттігі туралы мәлімдеді.

"Бүгінгі күні келісілген кедергілер тізілімі жүргізіледі, қазір ол 68 кедергіден тұрады. Біз бұл тізілімді 60-тан бастадық және осы көрсеткішті азайтудың орнына, өкінішке қарай біз жыл сайын оны көбейтіп жатырмыз. Яғни, жаңа кедергілер шығарып немесе оларды жою жұмыстарын кейінге қалдырудамыз", - деді Қазақстан премьер-министрі Алматыда өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы барысында.

Асқар Мамин бұған дейін Қазақстан өтініштерді қарау процесін үш айға дейін реттеуге мүмкіндік беретін кедергілерді жою бойынша түзетулерге бастама жасағанын атап өтті.

"Дегенмен бүгінгі күнге дейін аталған мәселеде алға жылжу жоқ", - деп атап өтті ол.

"Біздің бірлестіктің мақсаты төрт бостандық – тауарлар, қызметтер, жұмыс күші мен капиталды қамтамасыз ету екенін ескере отырып, бұл түзетулерді тараптармен келісуді тездетуді комиссияға тапсыруды ұсынамын", - деп түйіндеді Қазақстан премьер-министрі.