Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының күн тәртібінде ЕАЭО-ны дамыту, алдағы уақытта одақтың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру мәселесі қаралады. Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы шағын және кеңейтілген құрамда өтеді.
Оған Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан премьерлері қатысып жатыр: Асқар Мамин, Михаил Мишустин, Никол Пашинян, Сергей Румас, Мухаммедкалый Абылгазиев.