Саясат

Президент Қазақстанның Ресейдегі жаңа елшісіне тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресеймен стратегиялық және одақтастық қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылына тоқталды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады.

Президент Қазақстанның Ресейдегі жаңа елшісіне тапсырма берді

"Кездесу барысында Қазақстан президенті Ресей Федерациясымен арадағы стратегиялық және одақтастық қарым-қатынастарды, оның ішінде интеграциялық үдерістер аясындағы байланыстарды одан әрі жан-жақты дамытудың маңыздылығын айтты", - деп жазады Ақорда.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.