НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Бұл ОПЕК+ келісімі қатысушылары үшін үлкен соққы. Олар нарықтың басым бөлігін америкалық және норвегиялық мұнайшыларға беріп қойды, деп хабарлайды РИА Новости.
Ал егер экспансияға бразилиялықтар да кіріссе, тасымалды одан әрі азайтудың мәні жоғалады.
Бразилия мұнай экспорттаушы елдер ұйымына кіруді, өндірісті шектеу бойынша келісімге қатысуды да жоспарлап отырған жоқ, деп мәлімдеді энергетика және тау-кен өнеркәсібі министрлігінің басшысы Бенито Альбукерке.
"Бізге шектеу керек емес, біз өндірісімізді арттырғымыз келеді", - деп атап өтті министр.
Оның айтуынша, үкімет мұнай мен газ өндірісін энергия ресурстарының әлемдік эскпорттаушыларының бірінші бестігіндегі орынды қамтамасыз ететін деңгейге дейін ұлғайтуға тырысуда. Ал қазір Бразилия тоғызыншы орында.
"Бұл ОПЕК-ке немесе мұнай және газ өндірушілерінің басқа ұйымдары мен топтарына кіруді көздемейді", - деп нақтылады Альбукерке.
Атап өтсек, өткен жылдың соңында дәл өзі Бразилия картельге қосылу туралы ОПЕК-пен келіссөздерге дайын деген болатын.
Бұған біраз уақыт қалғанда, қазан айында Бразилия президенті Жаир Болсонару Сауд Арабиясының энергетика министрі әрі ОПЕК көшбасшысы, ханзада Абдулазиз бен Сальманның Бразилияны ұйымға кіруге бейресми түрде шақырғанын айтқан.
"Мен Бразилияның ОПЕК мүшесі болғанын қалаймын", - деп атап өтті Болсонару.
Дегенмен Petrobras ұлттық мұнайгаз компаниясы мен үкіметтің көптеген мүшесі қарсы шықты. Мәселен, экономика министрі Паулу Гедес "бразилиялық стратегия – картельдерді жою, ғаламданған экономикаға ықпалдасу және барлық халықтың гүлденуін қамтамасыз ету. Бір картельдерді басқаларына қарсы пайдаланбау" деді.
Тағы оқыңыз: Сауд Арабиясы және Ресей: мұнай саласында не болып жатыр
Бенито Альбукеркенің айтуынша, ОПЕК-пен байланыс мәселесі оның шілдедегі Сауд Арабиясына сапары барысында талқыланады.