Оқиға

Петропавл полициясы әйелден 3,5 миллион теңгенің есірткісін тәркіледі - видео

Петропавл қаласында героин өткізу нүктесіне тосқауыл қойылды. Аса ірі мөлшерде алынған есірткі 3,5 миллион теңгеге бағаланды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері аса ірі мөлшерде героин өткізгені үшін заңсыз есірткі айналымы саласында бұрын сотты болған жергілікті тұрғынды ұстады.

Әйел оқшауланған өмір салтын ұстанып, героинді алдын ала келісу арқылы белгілі адамдарға өткізіп отырған. Ұстау операциясы барысында күдікті жасырынып кетпекші болды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

"Үйіне тінту жүргізу барысында шамамен 300 грамм героин табылды. Ол тергеу изоляторына қамалып, оған қатысты қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, иемдену, сақтау, тасымалдау немесе есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу" бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды", - делінген ақпаратта.

Осы бап бойынша мүлкін тәркілеу және он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Аса ірі мөлшерде алынған героин 3,5 миллион теңгеге бағаланып отыр.