НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Сыртқы істер министрлігінде Қытай Халық Республикасындағы коронавирус мәселелері бойынша жедел желілер іске қосылды, деп хабарлайды ведомство.
Министрлік мәліметінше, жұмыс уақытында Қазақстан азаматтары келесі нөмірлер бойынша қоңырау шала алады: +7 (7172) 72-05-49, +7 (7172) 72-01-98, +7 (7172) 72-04-93.
Жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері +7 (7172) 72-01-11 нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Тағы оқыңыз: Алматыда коронавирус анықталды деген хабарламаға қатысты басқарма түсініктеме берді
"Сонымен қатар, ҚХР-дың кейбір қалаларында карантиннің енгізілуіне байланысты Қытай аумағындағы біздің азаматтар үшін Қазақстанның Пекиндегі елшілігінде +86 10 65324189 телефоны бойынша тәулік бойы жедел желі ашылды", - делінген сыртқы істер министрілігі ақпаратында.
Қытайдағы коронавирус
Желтоқсан айының соңында Қытайдың Ухань қаласында белгісіз пневмония туралы ақпарат жарияланды. Кейін билік аурудың қоздырғышы коронавирустың жаңа түрі - 2019-nCoV екенін анықтады.
Ол адамнан адамға жұғады. Вирус Ухань қаласынан Қытайдың басқа өңірлеріне, кейін өзге елдерге де жылдам тарап кетті.
Әзірге коронавирустан вакцина жоқ. Ауру белгілері: жоғары температура, жөтел, тыныс алудың қиындауы. Cоңғы мәлімет бойынша бұл індеттен жүзден астам адам көз жұмған.