Экономика

Есімов Назарбаевқа сыртқы қарыз 5,1 миллиард долларға азайғанын хабарлады

"Самұрық-Қазына" қоры компаниялары тобының таза кірісі 1,2 триллион теңгені құрап, жоспарланған көрсеткіштен 38 пайызға артқан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш президентіне Ұлттық әл-ауқат қорының 2019 жылға арналған даму қорытындылары туралы ақпарат ұсынылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан Қытайдан алған сыртқы қарызын өтеді

Есімов қор компаниялары тобының таза кірісі 1,2 триллион теңгені құрап, бұл жоспарланған көрсеткіштен 38 пайызға артық екенін хабарлады. Қарыз жүктемесі  2017 жылдан бері 1 триллион теңгеге, ал сыртқы қарыз 5,1 миллиард АҚШ долларына азайған.

Сондай-ақ, қор компанияларының қаржылық жағдайын одан әрі жақсарту, портфельді компаниялардың IPO-ға шығуы және жекешелендіру жоспарын іске асыру жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.