Спорт

"Майк Тайсон деп айқайлады": боксшы жекпе-жек кезінде қарсыласын тістеп алды

Оқиғадан соң жекпе-жек жалғасты. Төрешілер бірауыздан шешім қабылдап, америкалық боксшы жеңіске жетті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Украиналық боксшы Иван Редкач жекпе-жек кезінде қарсыласы америкалық Дэнни Гарсияны тістеп алды.  Споршылар Бүкіләлемдік бокс кеңесі тұжырымдамасы бойынша жартылай орта салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеудің міндетті үміткері атану үшін таласты, деп хабарлайды Associated Press.

Сегізінші раундта Редкач қарсыласын иығынан тістеп алған.

"Ол "Майк Тайсон" деп айқайлап, мені тістеп алды. Мен тістеген жерді тігу керек болады деп ойлады"», - деді кездесуден соң Гарсия.

Оның айтуынша, карьерасында мұндай жағдай алғаш рет болған. Оқиғадан соң жекпе-жек жалғасты. Төрешілер бірауыздан шешім қабылдап, америкалық боксшы жеңіске жетті. Бұл оның отыз алтыншы жеңісі, екі рет жеңілген. Ал Редкач 23 рет жеңген, бес рет жеңіліп, бір кездесуді тең есеппен аяқтады.

Тағы оқыңыз: Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео

Тайсон 1997 жылы кездесу кезінде қарсыласы Эвандер Холифилдтің құлағының бөлігін тістеп алған болатын. Бұдан соң жекпе-жек аяқталды. Ал Тайсон кездесулерден шеттетіліп, үш миллион доллар айыппұл салынды.