Экономика

"Рұқсат етілмейді": Тоқаев Назарбаев құрған Ұлттық қор туралы айтты

Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму барысы талқылануда
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Ұлттық қор – баламасы жоқ институт. Қандай да бір қосымша қор құруға жол берілмейді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Елбасының бастамасымен құрылған Ұлттық қор – баламасы жоқ институт. Қандай да бір қосымша қор құруға, қай жерде болмасын, жол берілмейді және рұқсат етілмейді. Үкімет, ұлттық қор және жуырда құрылған агенттік алдында да осындай міндет тұр деп ойлаймын. Ұлттық қор – осы тектес жалғыз ғана мекеме, институт", - деп мәлімдеді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оқи отырыңыз: Мамин президентке 2,7 миллион қазақстандықтың жалақысы өскенін баяндады

Айта кетсек, 24 қаңтарда мемлекет басшысының қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Отырыста еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму барысы талқылануда. Сонымен қатар, үкімет мүшелері президентке оның тапсырмалары қалай орындалып жатқанын баяндайды.

Тоқаев министрлер мен әкімдерді осымен екінші рет жинап отыр. Алғашқы отырыс былтыр жазда өткен еді.