Қоғам

Тоқаев қымбат көліктерге мораторий жариялауды ұсынды

Президент ысырапшылдыққа жол бермеу қажет екенін, бөлінген қаражат елдің мүддесіне қызмет етуі керектігін айтты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қымбат көліктер сатып алуға және түрлі форумдар өткізуге мораторий жариялауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тоқаев бюджет саясатының тиімділігін саралау қажеттігін айтты.

"Қымбат көлік пен жиһаз сатып алу, түрлі форумдар, семинарлар мен конференциялар өткізу шығыстарына ұзақ мерзімді мораторий жариялауды ұсынамын. Шаралар нақты тәжірибелік және идеологиялық пайда әкелуі тиіс", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Ысырапшылдыққа жол бермеу керек, шығыстар орынды болуы қажет, деп жалғастырды ол.

Президент бөлінген қаражат елдің мүддесіне қызмет етуі керектігін атап өтті.

Айта кетсек, 24 қаңтарда мемлекет басшысының қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму барысы талқыланды. Сонымен қатар, үкімет мүшелері президентке оның тапсырмалары қалай орындалып жатқанын баяндады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Назарбаев құрған Ұлттық қор туралы айтты

Тоқаев министрлер мен әкімдерді осымен екінші рет жинап отыр. Алғашқы отырыс былтыр жазда өткен еді.