Саясат

"Басқа жол жоқ": Тоқаев үкімет жұмысын сынға алды

Президент ел экономикасының терең, бәлкім, радикалды реформаларының бағдарламасын әзірлеу маңызды деп санайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратты сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Үкіметтің стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудегі әдістерін "қайта жүктеудің" кезі келді. Мойындау керек: реформаларды іске асыру қарқыны баяулап қалды. Мұны халықаралық және отандық сарапшылар да айтып отыр", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент ел экономикасының терең, бәлкім, радикалды реформаларының бағдарламасын әзірлеу маңызды деп санайды. Мемлекет басшысы елге жаңа экономикалық бағдар қажет екенін жеткізді.

Тағы оқыңыз: Мемлекет басшысы Сапарбаевтан шетелдіктердің жалақысы туралы сұрады

"Реформаларды іске асыру үшін мықты жігер керек. Үкімет осы қасиетті көрсетеді деп үміттенемін. Басқа жол жоқ, өйткені уақытымыз да жоқ. Әзірге мемлекеттік аппарат негізгі шешімдерді баяу қабылдайды. Көптеген нормативтік актіге жалтақтайды, ведомствоаралық келісім қажеттігін сылтау етеді. Халықтың әділ талабы мен халықаралық бәсекенің күшейгенін ескерсек, енді бұлай жұмыс істеуге болмайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.