Өңірлер

Алматы облысында сабаққа бара жатқан екі қыз жоғалып кетті – оқиғаның мән-жайы

Қыздар мектепке баруы тиіс еді. Алайда оқу орнына жетпеді. Бір қыз өзімен бірге он мың теңге алыпты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23  — Sputnik. Алматы облысында мектепке бара жатқан екі қыз жоғалып кетті. Олардың сабаққа келмегенін ата-аналарына мұғалімдер айтқан. Бірден қыздарды іздеуге кірісті.

"Олардың қыдыруға кетуі тиіс емес. Талдықорғанға кетті деп те ойламаймын. Не болғанын елестете алмаймыз. Қорқып отырмыз. Қызымыздың қолында ақша болған ", - дейді КТК арнасы бір қыздың анасы Мақпал Жүніс.

Тағы оқыңыз: Күйеужігіт жоғалып кетті: қалыңдық аң-таң болып отыр

Туыстарының айтуныша, 14 жастағы Ару мен он екідегі Талшын бұған дейін жоғалмаған. Қазір телефондары сөндіріліп тұр.

Қыздардың біреуінің қалтасында 10 мың теңге болған.

"Ауыл мен жақын елдімекендегі барлық бос тұрғын үйлер, жертөлелер тексеріліп жатыр. Сондай-ақ Алматы мен Талдықорған қалаларында да іздеу жұмыстары басталды. Ювенады полиция және қылмыстық іздестіру қызметкерлері жұмылдырылды", - деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Тожан Жанабек.

Жергілікті волонтерлер де қыздарды іздеп жүр.