НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Ұлы Отан соғысы туралы архив құжаттарын оқығанда неге қатты таңғалғанын айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Бірнеше күн бұрын мені қатты таңғалдырған деректі кездестірдім: блокада жылдарында ленинградтықтар сондай күйге түсе тұра, майдан қажеттілігі үшін 144 тонна қан тапсырыпты", - деді ол Иерусалим қаласында қоршауда қалған Ленинград қаһармандарына арналған ескерткіштің ашылу салтанатында.
"Әйеліме беріңіздер": жауынгердің 75 жыл бұрын жазған хаты табылды - фото
Айта кетейік, бүгін РФ президенті Владимир Путин "Холокосты ұмытпаймыз, антисемитизммен күресеміз" атты форумға қатысу үшін Израильге барған болатын.
Ресей басшысы сондай-ақ су мен жылудан айырылған адамдар жұмыс істеуді, ғылыммен, өнермен айналысуды жалғастырғанын атап өтті.
"Тізе бүкпеген Ленинград қала тұрғындарының жеңіске деген рухы мен сенім күшінің айбыны – адамдық қадір-қасиеттің шыңы туралы нағыз аңызға айналды", - деп атап өтті президент.
Бұған дейін ол Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен сұхбаттасқан болатын, сонымен қатар Иерусалим және бүкіл Палестина Патриархы Феофил III және Ресейде сотталған израильдік Наама Исахардың анасымен кездесті.
Путин Израиль президенті Реувен Ривлинмен де сөйлесті, содан кейін қоршауда қалған Ленинград қаһармандарына арналған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысты.
Бастапқыда Израильге сапар екі күнге жоспарланған еді, бірақ оны бір күнге қысқарту туралы шешім қабылданды.