Әлем

Ливиядағы жағдай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде талқылануы тиіс – Путин

Владимир Путин БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесі – Ресей, Қытай, АҚШ, Франция және Ұлыбритания басшыларының кездесуін өткізіп, қауіпсіздік мәселелерін талқылауды ұсынды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. Ливиядағы жағдай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі алаңында талқыланып, ол бойынша тиісті қарар қабылдануы керек, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин. 

Оқи отырыңыз: Путин өзін таңғалдырған тарихи дерек туралы айтты

Ресей басшысы бейсенбіде Иерусалимде өткен  "Холокосты ұмытпаймыз, антисемитизммен күресеміз" форумында сөз сөйлеп, келіспеушілік ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін баса айтты. Ол БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесі – Ресей, Қытай, АҚШ, Франция және Ұлыбритания басшыларының кездесуін өткізіп, қауіпсіздік мәселелерін талқылауды ұсынды, деп хабарлады РИА Новости.

"Біздің алдымызда көптеген міндет тұр. Олардың бірін жуырда біз Берлинде Федерациялық республиканың канцлері Меркель ханымның бастамасымен талқыладық. Ол Ливия. Біз бұл мәселеге қайта оралып, Қауіпсіздік кеңесінде шешім қабылдауымыз керек. Басқа да көптеген мәселе бар", - деп атап өтті Путин.

Оның пікірінше, мұндай кездесуді Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына және БҰҰ-ның құрылғанына 75 жыл толатын 2020 жылы өткізудің маңызы зор болмақ.