НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Адам күніне 30-50 миллилитр су ішуі керек. Дәрігер-эндокринолог, нутрициолог және диетолог Алексей Калинчев осындай ойымен бөлісті, деп хабарлайды "Российская газета".
Соңғы кезде адам тәулігіне қанша су ішуі керек деген мәселе төңірегінде дау туындап жатыр. Бірі тәулігіне адам ағзасына қажет судың мөлшері бар екенін айтады. Енді бірі бұған соншалықты мән беру керек емес деген ойда. Жауабын маман айтты.
Тағы оқыңыз: Қатерлі ісікке шалдықтыратын бес сусын анықталды
Калинчевтің айтуынша, жеміс-жидек, суп, шырын сынды тағамдар мен сусындардың құрамындағы су есепке алынбайды. Сондықтан салмағы 60 келі болатын адам күніне екі литр су ішуі тиіс.
Дәрігер қайнаған суды ішпеуге кеңес береді. Бөтелкедегі сапалы суды ішу керек.