Әлем

Ресей үкіметінің жаңа құрамына кімдер енді?

Ресей президенті Владимир Путин үкімет отставкаға кеткеннен кейін алты күн соң үкіметтің жаңа құрамын бекітті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин министрлер кабинетінің жаңа құрамы туралы жарлыққа қол қойды. 

Ресей үкіметінің жаңа құрамына кімдер енді?

Оған сәйкес, Ресейдің премьер-министрі орынбасарларының саны тоғызға дейін қысқарды, деп хабарлады Ресей үкіметінің баспасөз қызметі. 

"Үкімет төрағасының тоғыз орынбасары болады. Олардың құрамына үкімет төрағасының бірінші орынбасары, Қиыр Шығыс федералды округіндегі Ресей президентінің өкілі - үкімет төрағасының орынбасары және Ресей үкіметі аппаратының жетекшісі - үкімет төрағасының орынбасары енеді", - деп жазылған құжатта. 

Үкімет төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Андрей Белоусов тағайындалды. Ол 2013 жылдан бері Ресей президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болған.

Тағы оқыңыз: Путин Тоқаевтың қандай адам екенін айтты

Министрлер кабинетінде өз қызметінде қалғандар мен жаңа министрлер де бар. Олардың толық тізімі мына жерде жарияланды.