РИА Новости ақпараттық агенттігінің колумнисі Ирина Алкснис осы мәселенің төңірегінде ой өрбітіп көрді.
Ресейдің бастамасымен шақырылған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бейресми отырысында Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның өткен жылғы баяндамасы қаралды. Онда 2018 жылы 7 сәуірде Сирияның Дума қаласында химиялық қаруды пайдалануға қатысты тергеудің қорытындысы болған.
Иә, Мәскеудің мәлімдемесі Батысқа ұнамайды. Бұны Ұлыбританияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Карен Пирс те ашық айтты. Оның ойынша, Ресей Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның баяндамасына күдік келтіру арқылы осы бірлестіктіктің беделін түсіруді көздейді.
Енді, тарихқа үңіліп көрейік. Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым 1997 жылы құрылған болатын. Ол кезде АҚШ пен Батыс үстемдік етті. Осының нәтижесінде ұйымда батыс елдерінің басымдығы, соның ішінде ұйымның негізгі құрылымы – техникалық хатшылықты бақылау шаралары күшейді. Осыдан бірнеше сұрақ туындайды. Ұйымның әділ шешім шығарудың шегі қандай? Қай кезден бастап ол басымдық етуші елдердің мүддесін қорғайды?..
Ресейдің Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымындағы тұрақты өкілі Александр Шульгиннің айтуынша, қазіргі кезде техникалық хатшылық АҚШ-тың қолдауына сеніп отыр. Сол себепті бәрі өзімен-өзі реттеледі деп ойлады. "Жоқ, өзімен-өзі реттелмейді", - дейді Шульгин.
Осыдан кейін кімнің деструктивті сипатта әрекет етіп жатқанын анықтап көріңіз. Қазіргі жүйені өзгертуге тырысып жатқан Ресей ме? Жоқ, әлде өз басымдығын сақтауға күш салып отырған АҚШ пен оның одақтастары ма?..
Бүгінде ұйымның техникалық хатшылығы ғана емес, басқалар да "бәрі өзімен-өзі реттеледі" деп ойлайды. Оларға Шульгиннің сөзімен жауап берген дұрыс шығар. Жоқ, өзімен-өзі реттелмейді...
Автордың пікірі редакцияның ұстанымын білдірмейді.