НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Қазақстан құрамасы мен ресейлік "Оренбургтың" жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат болгариялық "Славиямен" жолдастық матч кезінде жанжал шығарды.
Ойынның 78-ші минутында Қуат жерге құлаған қарсыласынан допты алып қоймақ болады. Осы кезде оны "Славияның" өзге ойыншысы итеріп жібереді. Жанжал ұзаққа созылған жоқ.
Ресейлік клуб 2:3 есебімен жеңілді. Қуат екінші таймды толықтай алаңда өткізді. Бұл қазақстандық футболшының ресейлік премьер-лига клубындағы осымен екінші ойыны, деп хабарлайды Sports.kz.
Тағы оқыңыз: Қазақстандық футболшы отбасымен бірге жантүршігерлік апатқа ұшырады
Еске сала кетсек, Қуат "Оренбургке" ерікті агент ретінде өткен жылдың соңында қосылған болатын. Бұған дейін ол алматылық "Қайрат" құрамында өнер көрсетті.