Фото

Соғыс және табиғи апат кезіндегі үйлену тойы: ғажап суреттер

Sputnik

Бұл үйлену кезіндегі фотолар әлемнің әртүрлі елдерінде түсірілген. Суреттер төтенше жағдайлар, табиғи апаттар мен әскери қақтығыстар кезінде жасалған. Ғашықтар өз фотолары арқылы "махаббат – адамдардың бірге болуы үшін ең қиын жағдайлар мен тосқауылдарды жеңуге итермелейтін сезім" екенін дәлелдеуде.

Тағы оқыңыз: "Алғаш рет шын ғашық болдым": қарттар үйінде сүйіктісін кездестірген қарияның әңгімесі

Теңіз дауылы, орман өрті, су тасқыны, әскери әрекеттер – осылардың ешқайсысы суреттегі ғашықтарды тоқтатпады, қорқытпады, үйлену тойын жасау шешімін өзгертуге немесе кейінге қалдыруға мәжбүрлемеді.

Адал әрі шынайы сезімдердің дәлелі осы емес пе?

1 / 10
Филиппиндегі үйлену тойы. Атқылап жатқан Тааль жанартауы маңындағы сурет.
2 / 10
Нью-Йорктегі Эмпайр-стейт-билдинг алаңында тұрған жас жұбайлар. Қатты жел соғып тұр.
3 / 10
Сиднейдегі үйлену рәсімі. Фотодан табиғи өрт түтінін байқауға болады.
4 / 10
Ливандағы әуе шабуылдарынан кейін жас жұбайлар қираған ғимараттар маңында суретке түсіп тұр.
5 / 10
Жұптың неке қию рәсімі. Техастағы теңіз дауылына дейін түсірілген фото.
6 / 10
Гаитидегі жер сілкінісінен кейін қираған шіркеуде үйлену тойына дайындық.
7 / 10
Қалыңдық. Түтін. Рязаньдағы орман өртінен кейін түсірілген сурет.
8 / 10
Венецияны су басты. Қалыңдығын қолына көтеріп алған күйеу жігіт.
9 / 10
Санкт-Петербургте нөсер жаңбыр астында қалған жас жұбайлар.
10 / 10
Жас жұбайлар. Батыс Сирия орталығындағы Хомс қаласындағы ғимараттарды лаңкестер қиратқан.