Әлем

Жиын кезінде Макрон мен Меркель Путинді "жоғалтып" алды – видео

Бұл Берлинде өткен Ливия жөніндегі конференция кезінде болған. Путин келген кезде Меркель оған суретке түскенде қай жерде тұруы керек екенін көрсетті
Sputnik

Видеода саммитке қатысушылар фотоға түсуге жиналғаны көрінеді. Ресей басшысы әлі келген жоқ. Мемлекет басшылары бір-біріне қарап, Германия канцлері БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутеррештен Путиннің қайда екенін сұрады.

Тағы оқыңыз: Мемлекет басшысы сөз сөйлеп тұрған кезде иығына тарақан шығып кетті – видео

Бірер сәттен соң Ресейдің президенті әріптестеріне қосылды. Меркель оған суретке түскен кезде қай жерде тұруы керек екенін көрсетті.