Оқиға

Көріпкел Алматы тұрғынын 27 миллион теңгеге алдап кетті

Күдікті жәбірленуші әйелді интернет арқылы тауып, сеніміне кірген. Кейін оны алдап, 27 миллион теңгесін қолды қылған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласының полиция департаменті аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен Ресей азаматын ұстады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Департаменттің хабарлауынша, өзін Сәлима деп таныстырған әйел зардап шегушіге өзінің кәсіби көріпкел екенін айтқан. Алданып қалған алматылық келіншек онымен тылсым қызмет түрлерін көрсететін сайттардың бірінде танысыпты.

Күдікті тұрғынмен интернет арқылы біраз сөйлескен соң оған жеке кездесуді ұсынған.

"Тылсым қызмет түрінің сеансын өткізу барысында алаяқ сенімге кіріп, жәбірленушінің 27 миллион теңгесін (шамамен 71 050 мың долларын) алдап алған", - дейді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары көріпкелді ұстады. Күдікті уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Тергеу барысында оған қатысты қылмыстық кодекстің 190 бабының 4-тармағы, 2-тармақшасы (аса ірі көлемде алаяқтық жасау) бойынша бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралуда.

Егер көріпкел әйелдің кінәсі сотта дәлелденсе, ол бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.