Қоғам

Ресейде Қазақстан паспортын рәсімдеу уақыты біршама қысқарды

Жоба пилоттық режимде іске қосылған. Ол Қазақстан паспортын рәсімдеу мерзімін 70 күнге қысқартуға мүмкіндік береді
Sputnik

АЛМАТЫ, 15 қаңтар — Sputnik. Ресейде Қазақстан паспортын рәсімдеу уақыты 80 күннен 10 күнге дейін қысқарды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі хабарлады.

Елшілік бұл жобаны Қазақстан ішкі істер министрлігі көші-қон қызметі комитетімен бірлесіп, пилоттық режимде әзірлеген. Ол Мәскеудегі елшіліктің консулдық бөлімінде Қазақстан паспортын рәсімдеу мерзімін 80 күннен 10 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Бұл үшін рәсімдеу бойынша негіздемелер керек. Мысалы, тұрғылықты тұруға кетуге рұқсат, күндізгі оқу, еңбек келісімшарты.

Қызмет бағасы - 2 265 ресейлік рубль. Бұл шамамен 14 мың теңге немесе 37 доллар.

Құжаттарды тапсырғаннан кейін паспорттың дайындық барысын елшілік әзірлеген Telegram-бот арқылы қадағалап отыруға болады.

Толығырақ мәліметті және қажетті құжаттар тізімін елшілік сайтынан білуге мүмкіндік бар.