Спорт

Польша боксшысы Головкинмен жекпе-жекке дайындықты бастады

Головкин-Шеремета жекпе-жегі 28 наурызда Чикагодағы Wintrust Arena спорт кешенінде өтеді деп жоспарланып отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Бұрынғы Еуропа чемпионы, польшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннмен жекпе-жекке дайындық жоспарын жариялады.

Бұл туралы спортшының жаттықтырушысы Федор Ляпин TVP-ге берген сұхбатында айтты, деп жазды Prosports.kz.

Оның сөзінше, Шереметаның жаттығу лагері Испанияның Бенидорм қаласының маңында орналасқан. Боксшы ол жерге 20 қаңтарда аттанады.

Қарағанды облысының әкімі Головкинге қандай уәде берді? 

Головкин-Шеремета жекпе-жегі 28 наурызда Чикагодағы Wintrust Arena спорт кешенінде өтеді деп жоспарланып отыр. 

Алайда бұған дейін Головкиннің IBF нұсқасы бойынша міндетті қарсыласы Шереметамен жекпе-жегі 28 наурызда өтпей қалуы мүмкін екені айтылған. Сарапшылар бұл кездесудің сәуір не мамыр айына шегерілуі мүмкін екенін айтады.