Қоғам

Қазақстанға Қытай вакцинасын әкелу тоқтатылды

Денсаулық сақтау министрлігі бұл шешім препараттың құжаттарда көрсетілген сапаға сәйкестігін анықтау қажеттілігіне байланысты қабылданғанын атап өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Қазақстанға А гепатитіне қарсы Қытай вакцинасын әкелу тоқтатылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова.

Бір жасар қыз екпеден кейін көз жұмды: дәрігерлер себебін түсіндірді

Ол қытайлық вакцинаны қолдануға қатысты журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, вакциналарды сатып алу процесі әлі аяқталмағанын атап өтті.

"Тендерге Қытайда өндірілген вакцинаны жеткізушілер қатысты. Олардың екеуі елге бір реттік әкелуге рұқсат алды. Вакцина мәлімделген сапаға сәйкес келетіндігін анықтау үшін біз бүгін бір реттік әкелуге рұқсатты тоқтаттық", - деді Бюрабекова.

Тиісті тексеріс және қызметтік тергеу жүргізілгеннен кейін рұқсатты қайтарып алу немесе әкелуге рұқсат беру туралы шешім қабылданады.