Мәдениет

Димаш Құдайберген Қытайда тағы бір марапат алды

"Жылдың үздік әншісі" марапаты қазақстандық әртіске Қытайдың Шаньси провинциясындағы Пинъяо қаласында табысталды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайда JSTYLE нұсқасы бойынша жылдың үздік әншісі атанды.

Бұл туралы әртіс желідегі парақшасында жазды.

"JSTYLE "Жылдың үздік әншісі" марапатын алдым. Менің қымбаттыларым, рақмет сіздерге. Сіздерді жақсы көремін", - деп жазды әнші.

Марапат Қытайдың Шаньси провинциясындағы Пинъяо қаласында табысталды.

Қазақстандық әнші жыл сайынғы JSTYLE 2019 марапаттау салтанатында қызыл кілеммен жүріп өтті.