Оқиға

Атырауда жоғалып кеткен екі баланың денесі табылды

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен құтқарушылар балалар аса қатпаған мұзда ойнауы мүмкін деген болжамды тексерген болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар — Sputnik. Атырау облысында жоғалып кеткен екі баланың денесі табылды. 9 жастағы балалар 11 қаңтар күні қала маңындағы Құрсай ауылындағы үйлерінен шығып, жоғалып кетті, деп хабарлайды ATPress.kz.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен құтқарушылар балалар аса қатпаған мұзда ойнауы мүмкін деген болжамды тексерді.

Әлихан мен Жанболаттың денесі Перетаска өзенінен табылды.