Әлем

Достарымен демалып жүрген футболшыны акула жеп қойды

21 жастағы жігіт серуендеп жүргенде аяғы тайып кетіп, жардан теңізге құлаған, спортшының достары оны құтқара алмады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Австралияда америкалық "Гастинг Бронкос" футбол клубының футболшысын акула жеп қойды.

Неміс футболшысы Эрик Биригитти Австралияға достарымен демалуға келген.

21 жастағы жігіт серуендеп жүргенде аяғы тайып кетіп, жардан теңізге құлаған. Спортшының достары оны құтқаруға тырысқанымен, еш нәтиже болмады.

Оқиға орнына полиция мен құтқару қызметтері шақырылды. Футболшының сүйегі сол күні түнде табылды.

Алдын ала ақпарат бойынша оған теңізде акулалар шабуыл жасап, жеп қойған, деп хабарлайды El Caso.

"Гастинг Бронкос" клубы футболшының отбасына қайғырып көңіл айтты.