НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Тегеран түбінде апатқа ұшыраған Boeing ұшағының жолаушылары "адам қателігі" салдарынан кездейсоқ атып түсірілді. Бұл туралы Иран қарулы күштері бас штабының мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлады РИА Новости.
"Бұл ұшақ адам қателігі салдарынан және байқаусызда атып түсірілді", - делінген IRIB мемлекеттік телерадио компаниясы таратқан хабарламада.
Бас штаб ұшақ маңызды әскери нысанға жақын ұшқандықтан құлатылғанын атап өтті. Мәлімдемеде айтылғандай, бұл оқыс оқиға АҚШ-тың Ирактағы базаларына зымыранмен соққы жасалғаннан кейін "жоғары әскери дайындық жағдайында" болған.
Ал Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зариф Twitter-де ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, кешірім сұрады.
Ирандағы ұшақ апаты
Сәрсенбі, 8 қаңтар күні "Украинаның халықаралық әуежолдары" компаниясына қарасты Boeing 737-800 жолаушылар ұшағы Киев бағытында ұшқан болатын. Ұшақ Тегеранның әуежайынан көтерілген бойда құлады. Ресми деректерге сәйкес, 176 адамның барлығы қаза тапты. Олардың ішінде 167 жолаушы – Иран, Украина, Канада, Германия, Швеция мен Ауғанстан азаматтары, сондай-ақ, экипаждың 9 мүшесі бар.
Қаза болған стюардессаның соңғы жазбасы: "Жұмыс, мен сені жақсы көремін"
Иранның азаматтық авиация ұйымының есебіне сәйкес, жолаушылар ұшағы жерге құламай жатып өртенген. Ал оның ұшу траекториясына қарағанда, экипаж әуежайға қарай қайта бұрылған, алайда штаттан тыс жағдай жайында хабар бермеген.