Әлем

Жолы болған құрбылар әп-сәтте қалай байып кеткенін айтты

Олар лотереяның штаб пәтеріне бірге барып, ақшаларын алған. Алайда ұтыстарын қайда жұмсайтынын айтпады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. АҚШ-тың екі тұрғыны лотерея ойнап, әп-сәтте байып кетті. Бұл туралы UPI ақпараттық порталы хабарлады. 

2019 жылдың қазан айында Майт лотереядан 100 мың доллар (37 миллион теңгеден астам) ұтқан. Ол ұтыс сомасын Жаңа жылдан соң қолына алды. Бірер аптадан соң жергілікті казинода тағы 1,8 мың доллар (680 мың теңгеге жуық) шамасындағы олжаға кенелген. 

Бұдан соң Майт өзінің екі рет жолы болғанын құрбысына айтыпты. Ол да лотерея алып, бағын сынап көрді.

"Билетте әдейі таңдап әуре болған жоқпын. Билеттерімнің бірі 20 мың доллар шамасындағы джекпот ұтты", - дейді Майттың құрбысы. 

Тағы оқыңыз: Арабтар миллион доллар ұтып алған қазақстандықты таба алмай жатыр

Олар лотереяның штаб пәтеріне бірге барып, ақшаларын алған. Алайда ұтыстарын қайда жұмсайтынын айтпады.