НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар — Sputnik. Ресейдің Саратов облысында 5 жастағы бала 48 жастағы әкесіне оқ атты.
Оқыс оқиға 3 қаңтар күні Ресейдің Саратов облысы Ивантеевка ауылында болған, деп хабарлайды "Версия-Саратов" ақпарат агенттігі дереккөзге сілтеме жасап.
БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, баласы әкесіне мылтықты беріп жатып, оның шүріппесін басып қалған. Оқ оның мойнына тиген. Кейін ол алған жарақатынан көз жұмды.
Тағы оқыңыз: Қарағанды облысында жас жігіт анасын өртеп жіберді
"Қаза тапқан ер адамның бірнеше қаруы болған. Оның біреуін өз танысына беріпті. Ол әкімшілік құқық бұзуына байланысты қаруды сақтауға рұқсат беру мерзімін создыра алмаған. Сондықтан осындай шешім қабылдаған", - делінген хабарламада.
Саратов облысы бойынша тергеу комитеті оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Тағы оқыңыз: Қызын өлтіріп, мәйітін өртеге - жазадан жалтармақ болған ерлі-зайыпты ұсталды