Қоғам

Тоқаев Өмірзақ Айтбаевтың отбасына көңіл айтты

Халықаралық қазақ тілі қоғамының президенті, ғұлама ғалым, академик Өмірзақ Айтбайұлы 83 жасында дүниеден өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаевтың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Президент халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының негізін салушылардың бірі, көрнекті ғалым, ұлттық ғылым академиясының академигі Өмірзақ Айтбаевтың дүние салуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Өмірзақ Айтбайұлы Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекеттік тілдің мәртебесінің артуына өлшеусіз үлес қосты. Ол қазақ терминологиясының дамуына, тіл білімі мамандарының жаңа буынын қалыптастыруға зор еңбек сіңірген ұлағатты ұстаз және ірі ғалым еді. Қазақ зиялыларының арасында өзіндік орны бар қадірлі Өмірзақ Айтбайұлының ғылыми мұрасы ел болашағы мен ұлт игілігіне қызмет ете береді деп сенемін", – делінген жеделхатта.

Тағы оқыңыз: Әнші Ердос Қанаевтың ұлы көз жұмды

Ғұлама ғалым, академик Өмірзақ Айтбайұлы 83 жасында дүниеден өтті.