Әлем

Дәрігерлер Қытайды жайлаған белгісіз вирусты анықтады

Мамандар белгісіз дерттің қандай вирустың түріне жататынын анықтады. Еліміздің санитар-дәрігерлері Қытайға жолы түскен азаматтарға респираторлық инфекциялардың алдын алу шараларын қаперден шығармауға шақырады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар — Sputnik. Қытайлық дәрігерлер Хубэй провинциясына қарасты Ухань қаласында тарап жатқан пневмония ауруының белгісіз түрі коронавирустың жаңа түріне жататынын анықтады, деп хабарлайды РИА Новости.

Мамандар вирустың жаңа түрі адамнан адамға жұқпайтынын атап өтті. Олардың болжамынша, ауруға шалдыққандар дертті мал және шикі теңіз өнімдерін жеу арқылы жұқтыруы мүмкін.

Қытайдағы қауіпті ауру

Айта кетейік, осыған дейін Қытайдың Хубэй провинциясына қарасты Ухань қаласында пневмония ауруының белгісіз түрі тарап жатқаны хабарлаған болатын. Өткен жылдың желтоқсан айында қауіпті дертті 27 адам жұқтырған. Ал 2020 жылдың 5 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, ауруды жұқтырғандардың саны 59-ға өсті. Адам өлімі тіркелмеген.

Тағы оқыңыз: "Сау жерім қалмады": жазылмайтын ауруға шалдыққан астаналықтың әңгімесі

Еліміздің санитар-дәрігерлері Қытайға жолы түскен азаматтарға респираторлық инфекциялардың алдын алу шараларын қаперден шығармауға шақырады. Хубэй провинциясына Қазақстаннан тікелей әуе рейстері жоқ.