НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Құтқарушылар ұшақ үйінділерінің арасынан ирандық студенттің хатын тапты, деп хабарлады Mash Telegram-каналы.
Онда студент емтиханды сәтті тапсыру үшін құдайдан көмек сұраған.
БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақ апатынан қаза болғандардың басым көпшілігі Иран және Канада азаматтары. Сонымен қатар ұшақтың ішінде Германия, Ұлыбритания, Швеция, Украина және Ауғанстан азаматтары болған.
Украина билігі Boeing ұшағындағы барлық адамның қаза болғанын растады
Ирандағы ұшақ апаты
8 қаңтарда Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайының маңында украиналық Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады. Соңғы ақпаратқа сәйкес, бортта 176 адам отырған. Оның тоғызы экипаж мүшесі, барлығы Украина азаматтары. Сондай-ақ тағы екі украиналық жолаушы болған. Ұшақ апатынан барлық адам көз жұмды.