НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Кемелердің зираты аталып кеткен, Арал маңында орналасқан Мойнақ қаласы (Өзбекстан) Fox News телеарнасы жариялаған "Әлемдегі ең қорқынышты жерлер" тізіміне енді, деп хабарлады CentralAsia.
Бұл тізімде Мойнақ 11-орынды иеленді. Бұрын Арал теңізі көлемі жағынан әлемде төртінші орында болды.
Арал маңындағы қала әлемдегі ең қорқынышты жерлердің бірі деп танылды
© REUTERS / SHAMIL ZHUMATOV
Арал теңізінің тартылуы қауіпті экологиялық апаттардың біріне айналды.
Назарбаев: Аралдың төңірегіндегі халықтың тұрмысы жақсарды
Бүгінгі таңда теңіздің 90 проценті құрғап, шөлге айналған теңіз түбінде даттанған кемелер құмға батып жатыр. Сондай-ақ әлемдегі ең қорқынышты жерлер тізімінде Англиядағы Солтүстік теңіз жағалауында орналасқан Маунселл қамалы да бар.