Қоғам

Сарапшылар шай қалай уға айналатынын айтты

Шайдың құрамында сальмонелла сияқты патогендер болуы мүмкін. Сондықтан, шайға ыстық су құйып, бес минут күту керек
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Шай қайнату кезінде пайдалы сусынды уға айналдыратын қателік анықталды. Германияның Тәуекелдерді бағалау федералды институтының (BfR) сарапшылары сусынды дайындау кезінде неге ерекше назар аудару керек екенін түсіндірді, деп хабарлады Российская газета.

Мамандардың айтуынша, шай жапырақтарын немесе шөп жиынтықтарына қайнаған су құюды ұсынатын өндірушілердің нұсқаулықтарын қатаң сақтау керек. Әдетте, қаптамада тиісті ескертпе болады. Сонымен қатар, шайды кем дегенде бес минут демдеу керек.

Тағы оқыңыз: Құрма бүкіл адамға пайдалы емес – кімдерге жеуге болмайды? 

Шай табиғи өнім болғандықтан, тіпті ең қымбат сусынның құрамында өте қауіпті микробтар болуы мүмкін екен. Барлық қауіпті бактерияны жою үшін шай жақсы демделуі керек, егер олай жасалмаса, сусын денсаулыққа зиянды болуы мүмкін.

"Бактериялар, ашытқы немесе көгеру... Ең құрығанда шайдың құрамында сальмонелла сияқты патогендер болуы мүмкін. Сондықтан, шайға ыстық су құйып, демделу үшін бес минут күту керек", - деп хабарлады Focus.de.

Сонымен қатар, мамандар бірнеше сағат бойы демделген шайды ішпеуге кеңес берді. Мұндай сусынның пайдасы болмайды.