Өңірлер

Алматы облысында оқушы жүкті болып қалды: қыздың өгей әкесі өзіне қол салды

Күдікті ретінде жауап алынған ер адам өгей қызын зорламағанын айтып, екі күннен кейін өзіне қол жұмсады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Алакөл ауданында өгей әкесінен зорлық көрген қыз жүкті болып қалды, деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

8-сынып оқушысының жүкті болу фактісін Ювеналды полиция 2019 жылы 25 желтоқсанда Лепсі орта мектебінде жүргізілген сауалнама барысында анықтаған.

"Сауалнама барысында жәбірленуші өзін 49 жастағы өгей әкесі зорлағанын түсіндірді. Дәл сол күні, 25 желтоқсанда аталған факті Алакөл ауданы полициясының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркеліп, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі (Зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Күдікті ретінде жауап алынған ер адам өгей қызын зорламағанын айтып, кінәсін мойындамаған.

Алматыда баланы өлтірген өгей әкенің сотына бет-аузын тұмшалаған біреу кіріп келді

"27 желтоқсанда кетіп қалмау жөнінде қолхат берген күдікті ферма шаруашылығы аумағында өзіне қол салды. Алакөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қажетті сараптаманы тағайындай отырып, тергеуді жалғастырып жатыр", - деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Тергеу барысы сондай-ақ Алматы облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бақылауында болады.