Әлем

Отыз бірдей көлік мұз астына түсіп кетті – видео

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Бірнеше адамның көлікті мұздан өздері шығарғаны хабарланып отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Ресейдің Приморский өлкесінде мұз ойылып, 30 көлік суға кетті, деп хабарлайды PrimaMedia агенттігі.

Оқыс оқиғаның видеосы YouTube желісінде жарияланған. Кадрдан адамдар мен суға батып бара жатқан көліктерді көруге болады.

"Анығын білмедім, 30 көлік бар сияқты. Асығыңыздар! Кейбіреуіне асығудың да қажеті жоқ сияқты", - дейді роликтің авторы.

Тағы оқыңыз: Жолда келе жатқан әйелді жер жұтып қойды – жантүршігерлік видео

Приморский өлкесіндегі Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің бас басқармасы кейбір көліктер суға жартылай батқанын хабарлады. Бұл автокөліктің иелері өз күшімен жағаға шыққан. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.