Әлем

Мемлекет басшысының жаңа жылдық құттықтауын бөлген депутат кешірім сұрады

Ол қазіргі уақытта телеарнада ішкі тексеріс жүріп жатқанын айтты. Бұл туралы депутат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар — Sputnik. Мемлекет басшысының жаңа жылдық құттықтауын бөлген депутат кешірім сұрады. Ресейдің Ижевск қаласы думасының депутаты, жеке кабельдік телеарнаның продюсері Альфред Зиннатуллин Владимир Путиннің жаңа жылдық құттықтауынан кейін неге сағат белгісі шықпағанын түсіндірді.

Бұған дейін Ижевск қаласының тұрғыны өзінің фейсбуктегі парақшасында 2019 жылдың 31 желтоқсанында Ресей президентінің құттықтауынан кейін куранттардың орнына телеарна продюсері, қалалық дума депутаты Альфред Зиннатуллиннің құттықтауы шыққанын жазған, деп хабарлайды РИА Новости.

"Құрметті көрермендер мен қала тұрғындары! Арнамызда Жаңа жыл түнінде болған техникалық ақауға байланысты кешірім сұраймын. Қазіргі уақытта ішкі тексеріс жүргізіліп жатыр", — деп жазған депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тағы оқыңыз: Мемлекет басшысы сөз сөйлеп тұрған кезде иығына тарақан шығып кетті – видео  

Ол телеарна жеке кабельдік аналогтық арна болса да, мұндай жағдайға жол бермеуі керек екенін де айтқан.