Оқиға

Көктөбеде баланың аттракционнан құлаған сәтінің видеосы жарияланды

Қызметкер баланы отырғызып, аттракционды іске қосқан. Алайда жасөспірім жоғары көтерілудің орнына жерге құлады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар — Sputnik. Көктөбедегі аттракциондардың бірінде жасөспірім басын жарақаттап, аяғын сындырған болатын. Осы сәттің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Ер адам баланы отырғызып, аттракционды іске қосады. Алайда жасөспірім жоғары көтерілудің орнына жерге құлайды. Сақтандыру белбеуі дұрыс байланбаған болса керек.
Еске сала кетсек, оқиға 2 қаңтар күні болған. Дәрігерлер баланы Алматыдағы балаларға арналған жедел медициналық көмек орталығына жеткізді. Оның жағдайы тұрақты. 

Тағы оқыңыз: Адам толы аттракцион қақ бөлініп, жерге құлады – қорқынышты видео

Тәртіп сақшылары төтенше жағдай баланың ағаттығынан болды деп отыр. Ал ата-анасы ешкімге наразы емес екенін айтты.