Фото

Билік басындағы әйелдер: әлемнің ең жас әрі ықпалды саясаткерлері - фото

Sputnik

Саясат әрдайым ерлердің ісі болған. Дегенмен қазіргі заманда көптеген әйел саясат шыңын бағындыруда.

Олар премьер-министр және президент қызметтерін сәтті атқарып, саяси сахнада құрмет пен беделге қол жеткізіп жатыр.

Sputnik ел парламентін басқарып, президент сайлауында жеңіске жеткен, мемлекет басшылығында тұрған ең атақты әрі болашағы зор нәзік жандарды іріктеді.

Тағы оқыңыз: Бұрынғы үкімет басшысы тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес берді

Олардың қатарында Финляндияның 34 жастағы жаңа премьер-министрі Санна Марин бар. Ол әлемдегі министрлер кабинетінің ең жас басшысы атанды.

"Мықты ханымдар" қатарында Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович, Дания премьер-министрі Метте Фредериксен, Словакия президенті Зузана Чапутова, Исландия үкіметінің басшысы Катрин Якобсдоуттир мен басқалар бар.

Sputnik фотолентасынан ерлермен қатар мемлекет басқарып отырған қазіргі ең жас әрі ықпалды нәзік жандардың суреттерін көріңіздер.

1 / 10
Исландия премьер-министрі Катрин Якобсдоуттир. Исландияның саяси қайраткері, журналист әрі оқытушы. Катрин 2017 жылғы 30 қарашада Исландия үкіметін басқарды. Ол 2017 жылғы қарашада президенттен үкімет құруға мандат алды.
2 / 10
Ана Брнабич – серб саясаткері, 2017 жылғы 29 маусымнан бастап Сербия премьер-министрі. Бұған дейін Александр Вучич үкіметінде мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару министрі болған.
3 / 10
2019 жылғы 10 желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін Финляндия премьер-министрі Санна Марин. Әлемдегі қазіргі ең жас үкімет басшысы әрі Финляндия тарихындағы ең жас премьер-министр.
4 / 10
Колинда Грабар-Китарович Хорватияның мемлекеттік әрі саяси қайраткері, 2015 жылғы 19 ақпаннан бастап Хорватия президенті қызметіне кірісті.
5 / 10
Метте Фредериксен – даниялық саясаткер, 2019 жылғы 27 маусымнан бастап Дания премьер-министрі. 2001 жылдан бері Копенгаген округінен сайланған фолькетинг депутаты. Хелле Торнинг-Шмитт үкіметінде 2011 жылдан 2014 жылға дейін жұмыспен қамту министрі, 2014 жылдан 2015 жылға дейін әділет министрі болған.
6 / 10
Софи Вильмес – бельгиялық мемлекеттік әрі саяси қайраткер, француз қауымдастығының өкілі, "Реформаторлық қозғалыс" партиясының мүшесі. Софи Вильмес 2019 жылғы 27 қазаннан бастап Бельгия премьер-министрі.
7 / 10
Керсти Каальюлайд - эстониялық экономист әрі саясаткер. 2016 жылғы 10 қазанда Эстония президенті қызметіне кірісті.
8 / 10
Майя Санду – молдовалық саяси әрі мемлекеттік қайраткер. 2016 жылғы сайлауда Молдавия президенті қызметіне үміткер болды. 2019 жылғы 8 маусымнан 12 қарашаға дейін Молдова Республикасының премьер-министрі.
9 / 10
Жанин Аньес Чавес – боливиялық саясаткер әрі заңгер. Бени департаментіне өкілдік еткен сенатор. Президент Эво Моралес отставкасынан кейін Боливия президенті міндетін атқаруда.
10 / 10
Зузана Чаапутова – словак мемлекеттік қызметкері, 2019 жылғы 15 маусымнан бастап бүгінге дейін Словакия Республикасының президенті әрі Словакия қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы.