Оқиға

Әйел мың рубльдік қағаз ақшаны сегіз миллионға сатпақ болған

Ресей азаматы бұны купюраның "әдемі номері" бар деп түсіндірген екен. Сол себепті қыруар қаржы сұрапты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар — Sputnik. Тегін хабарландырулар порталында 1000 рубльдік қағаз ақша сатылымға шығарылды. Челябинск тұрғыны купюраны сегіз миллион рубльге сатпақ болып, ерекше хабарландыру жариялапты.

Сатушы бұндай бағаны ақшаның "7777770 деген әдемі номері бар" деп түсіндірген екен. Бұл туралы РИА Новости басылымы хабарлады.

Тағы оқыңыз: Түркістанда жолақы қымбаттауы мүмкін

Хабарландыру 13 желтоқсанда жарияланған, бірақ оған ешкім бірден назар аудармаған.

Дегенмен ерекше тауардың сатылған-сатылмағаны жайлы әлі белгісіз.

Тағы оқыңыз: Дариға Назарбаева банктердің неден қорқатынын айтып берді