НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар — Sputnik. Жаңаөзенде көліктен адам мәйіті табылды. Ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Бұл туралы Маңғыстау облысының полиция департаменті хабарлады.
Белгісіз ер адамның мәйіті 4 қаңтар күні сағат 10:00 шамасында табылды.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметіне сәйкес, Мұнайлы ауданының 44 жастағы тұрғынының мәйітін "Жаңаөзен" ойын-сауық орталығының күзетшілері Toyota Camry көлігінен тапқан.
Олардың айтуынша, көлік ғимарат маңында бірнеше күн бойы тұрыпты.
Тағы оқыңыз: Маңғыстауға барған америкалық туристердің "төбе шашы тік тұрды" – видео
Бұл оқиға Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі бірыңғай тізіміне енгізілді. Қылмыстық кодекстің "адам өлімі" бабына сәйкес қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Lada.kz.
"Сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.