Қоғам

Қазақстанда көлік тіркеу уақытша тоқтатылды

Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты автокөлік тіркеу және жүргізуші куәлігін беру функциялары уақытша тоқтатылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар — Sputnik. Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты бүгін, 4 қаңтарда елімізде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Facebook-тегі ресми парағында хабарланған.

"Қазақстан ішкі істер министрлігінің бастамасымен көлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтерді көрсетуге, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлерді дайындауға жауап беретін ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бойынша функциялар "Ақпараттық-өндірістік орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорны қарамағына берілді", - делінген мәліметте.

Тағы оқыңыз: Өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру: жаңа норма түсіндірілді

Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 4 қаңтарда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді.

"Бүгін "Азаматтарға арналған үкіметтің" мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттар дайындайтын жабдықтар мен жаңа ақпараттық жүйені іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.