Иранның мыңдаған азаматы Тегеран, Керман мен Тебриз қалаларының көшелеріне шықты. Олар бұл қадамға Америка Құрама Штаттары билігінің эль-Кудс арнайы бөлімшесінің қолбасшысы, генерал Сулейманиді қасақана өлтіргені туралы жаңалықтан кейін барған.
Тағы оқыңыз: "Астана-13": Ресей, Түркия және Иран қандай келісімге келді
Атап өтсек, Сулеймани жұма, 3 қаңтар күні Бағдадтың халықаралық әуежайы ауданында АҚШ-тың зымыран шабуылы кезінде қаза тапты. Бұған қоса, әуе шабулынынан ирак шейіт жасағы басшысының орынбасары Әл-Хашд аш-Шааби Әбу Махди әл-Мухандис мерт болды.