Қоғам

Ақтөбелік жігіт миллиондаған ақша алудың қитұрқы жолын тапты

Банкирдің әрекетінен сегіз адам зардап шегіп отыр. Оқиғаға қатысты полиция тергеу жұмысын жүргізіп жатыр
Sputnik

АЛМАТЫ, 4 қаңтар — Sputnik. Ақтөбедегі банктердің бірінің қызметкері әріптестерін бірнеше миллионға алдап кетті, деп хабарлайды Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адам әріптестері мен таныстарынан 50-70 теңгеден қарыз алып, процентпен қайтарған.

"Сенімге кірген соң ол бұдан көбірек соманы сұрапты. Бірнеше миллион теңгені келісілген мерзімде қайтаруы тиіс еді. Алайда бұл ер адамның жоспарында да болмаған", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Банкирдің әрекетінен сегіз адам зардап шеккен. Полиция қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігіне сәйкес ("алаяқтық") тергеуді бастады.

Тағы оқыңыз: Арабтар миллион доллар ұтып алған қазақстандықты таба алмай жатыр

Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 4 000 айлық есептік көрсеткіш (10 миллион 604 мың теңге - Sputnik) көлеміндегі айыппұл төлейді немесе 4 жылға дейін бас бостандығын шектеу не болмаса осы мерзімге бас бостандығынан айыру шарасы қолданылуы мүмкін.