Оқиға

Шығыс Қазақстанда баллонды көлікке байлап сырғанаған екі бозбала көз жұмды

Nissan Terrano көлігінің 19 жастағы жүргізушісі көлігінің артына резеңке автокөлік баллонын байлап, оған 2001 және 2002 жылы туған екі досын отырғызған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында баллонды көлікке байлап сырғанау кезінде екі адам жол апатынан қаза тапты, деп хабарлады yk.kz.

Қайғылы оқиға Бесқарағай ауданында болды. Үш бозбала тасжолда көңіл көтермек болған. Nissan Terrano көлігінің 19 жастағы жүргізушісі көлігінің артына резеңке автокөлік баллонын байлап, оған 2001 және 2002 жылы туған екі досын отырғызған.

Ақмола облысындағы сенбілік кезінде 14 жастағы оқушы мерт болды

Стеклянка ауылынан жеті шақырым жердегі Семей-Долонь тасжолында жігіттер жолдың қарсы бетіне шығып кетеді, бұл кезде Nissan X-trail көлігі келе жатқан. Баллон көлік доңғалағының астында қалған. Жастар ауыр жарақат алып, оқиға орнында жан тапсырды.

Жол талғамайтын көліктің 19 жастағы жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қажетті сараптама тағайындалды. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі – абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.