НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық Айсұлу Ерболова Оңтүстік Кореядағы Miss World University сұлулық байқауында ең үздік костюм номинациясын жеңіп алды.
Сайыста бірнеше кезең болды, жеңімпаз атану үшін әлемнің 50 елінен келген хас сұлулар бақ сынады.
Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті жоба қорытындысы бойынша үздік ондыққа енді. Әділ-қазылар қазақтың ұлттық киімін жоғары бағалап, жеңімпаз деп таныды.
"Айсұлудың шығармашылық нөмірі үздік бестікке кірді. Ұйымдастырушылар Қазақстанда әдемі және білімді адамдар тұратындығын атап өтті", - дейді олар Artline сән агенттігі.
Айсұлу Ерболова конкурста қолдау білдіргендердің барлығына алғысын білдірді.
"Назар салып, қамқорлық танытқандарыңызға өте қуаныштымын. Сіздерге амандық, сәттілік және бақыт тілеймін! Жанымнан табылып, құттықтап жатқандарыңыз үшін алғыс айтамын", - деп жазды ол.
Айсұлу Қазақстан жайлы айтып, туған жерінің сұлулығын паш етті. Бойжеткен он жылдан бері бимен айналысады, суретке түсіруді және атқа мінуді ұнатады.
Miss World University – жыл сайынғы халықаралық сұлулық байқауы. 2019 жылы ол Чеджудо аралында өтті.