Оқиға

Алматыда BMW автобуспен соқтығысты: жүргізуші қаза болды

Жеңіл көлік автопарктен шығып келе жатқан автобусқа соғылған, апаттың себебін мамандар анықтайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар — Sputnik. Жол апаты бүгін таңертең Рысқұлов пен Школьный көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдары.

Автопарктен шыққан автобус көліктерді өткізіп жіберу үшін Рысқұлов көшесінің қиылысында тоқтап тұрады. Осы уақытта Рысқұлов даңғылымен келе жатқан BMW көлігі автобусқа соғылған. Жол апатының себебі әзірге белгісіз.  

Алматыда BMW автобуспен соқтығысты: жүргізуші қаза болды

Көліктің 21 жастағы жүгізушісі жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Бір уақытта 69 автокөлік соқтығысты - оқиға орнынан видео